Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейінің «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық ақпараттық науқаны аясында «Балалардың бақытты балалық шағы үшін!» атты кездесуінің ХАБАРЛАМАСЫ

2016 жылдың 15-30 қараша аралығында Қазақстанда  «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық ақпараттық науқаны өткізілді.

     Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музей 21 қараша №16 орта мектебінде оқушылар мен ата-аналарға, қамқоршыларға және жас мамандарға арналған  «Балалардың бақытты балалық шағы үшін!»  атты тематикалық кездесу өткізілді.

     Шараның мақсаты: балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне қоғамның назарын аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру.

     Бүгінгі күні балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайы жиілеп, жеке адамның жан-жақты дамуына, одан әрі мемлекеттің өркендеуіне кері әсерін тигізіп отыр. Науқан тұрмыста және сыртта балаларға дөрекі қарым-қатынастың болмауын ескертуге бағытталған.

 Шараның ұйымдастырушылар мен қатысушылары:

Тажбенова Саулеш Базарбаевна – Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық музейінің аға ғылыми қызметкері.

Исмаилова Сания Букетаевна - №16 ОМ тәрбие жөніндегі жұмыстары бойынша директорінің орынбасары.

 Курманбекова  Ляйля Беркиновна  – Ішкі Істер департаментінің ювеналдық полициясінің аға инспекторы, полиция майоры.

Бахытжанова Гульдарига Шараповна – Ақтөбе қ. білім бөлімінің тәрбие жұмыстар жөніндегі әдіскері.

Буркутбаева Альбина Абатовна - №16 ОМ әлеуметтік педагогы.

Машар Акалтын Сидыгалиевна - №16 ОМ психологы.

Шара барысында отбасында балалардың адамгершілікке сай тәрбиеленуін ұстану, зорлық-зомбылық көрген балаға тиісті қөмектің қолжетімді және сапалы болуы (сенім телефоны, психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттер, т.б.) отбасында мейірімділік пен жайлылық жағдайын қалыптастыру туралы мәселелер қамтылды.

    Балаларға, ата-аналарға, қамқоршыларға тиісті адамдардан кеңес берілді.