«Вахта Памяти-2019»
24 сәуірде «Мәңгілік от алау» Даңқ мемориалды алаңында Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейіАқтөбе қаласының 150 жылдығы аясынла, Тверь облысы Оленино ауданы фашистік басқыншылардан азат етілгеніне75 жыл және Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай ұйымдастырылғанақтөбелік іздестірушілерді бүкілресейлік «Вахта памяти» акция- экспедициясына салтанатты шығарып салды. Шараның мақсаты: «Естелік Вахтасы» аясында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігіне тағзым етіп еске алу, олардың мүрделерін тауып, арулап қайта жерлеу, музейге соғыс кезінде қолданылған заттарды, жеке заттары мен құжаттарын тапсыру. Ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің фамилияларын «Естелік» кітабына енгізу.
«Ерлік- елге мұра»
18 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі Ұлы Жеңістің 74жылдығына орай «Ерлік- елге мұра » - әдеби- сазды кеші өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақты, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысымен , ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту және адамгершілікке тәрбиелеу.
«Қарымды қаламгер»
10 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде тілші, жазушы Әмір Оралбайдың 60 жылдығына арналған «Қарымды қаламгер» атты журналистіеске алу кеші өтті.
Мақсаты: Ә.Оралбайдың өмір жолын жас ұрпаққа өнеге ету, жазушының шығармашылығына терең үңіліп оқып-үйрену, шығармаларына деген қызығушылығын арттыру, жастарды тұлғаның биік адамгершілік парасаты үлгісінде тәрбиелеу.
«Ұлы даланың қол өнері!»
2019 жылдың 15 наурызы күні Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Ұлы даланың қол өнері!» атты ақтөбелік қолөнер шебері, тігінші Гүлзада Имангазиеваның жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы өтті.
«Бейбітшілік - біздің қолымызда!»
4 наурыз күні Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейінде музейінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер меркесіне орай әртүрлі кәсіптегі қыз-келіншектермен дәстүрге айналған салтанатты мерекелік кездесу шарасы ұйымдастырылды.