30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай өткізілген «Адам және заң » атты кездесудің Хабарламасы
26 тамыз күні сағат: 11-00-де музейде 30 тамыз ҚР Конституция күніне орай 30238 әскери бөлімі ұжымына «Адам және заң» тақырыбында интереактивті тарихи -танымдық кездесу өтті.
Музейдің ғылыми қызметкерлері, Әлиятанушы Ғалымжан Байдербес «Ата заңымыз барлық жетістіктеріміздің бастауы» тақырыбында осыдан 21 жыл бұрын 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Конституция қабылданғанын, Конституция 9 тараудан ,98 баптан тұратынын және ата заңымыздың ел көңілінен шығуының арқасында демократиялық реформалар тереңдей түскенін айтты.
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейі ұйымдастырған «Жақсылық жасауға асық» қайырымдылық акциясы
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығынаорай 21 шілде күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалды музейінде жыл сайын дәстүрге айналған «Жақсылық жасауға асық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға, олардың өздерін қоғамның толыққандымүшесі ретінде сезінулеріне жағдай туғызу болып табылады.
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл толуына орай өткізген «Помнит мир спасенный» атты жиыны туралы мәлімет
2016 жылы 22 маусым күні Ә.Молдағұлованың мемориалды кешенінде Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл толуына орай жиын өткізілді. Жиынға ақтөбелік батырлар ұрпақтары, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, ауған соғысына қатысушы жауынгер-интернационалистер қоғамдық бірлестігі өкілдері, мәдениет мекемелері қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.
Жиын барысында Ұлы Отан соғысы тарихы, соның ішінде, сұрапыл соғысқа қатысқан қазақстандықтар туралы толық мәліметтер беріліп, ел қорғаған батырларды еске алып бір минут үнсіздік жарияланды.
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде өткізілген батыр қыздың туған күніне арналған «Әлия - қаһармандық дастаны» атты салтанатты шараның ХАБАРЛАМАСЫ
15 маусым күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен батыр қыздың туған күніне орай жас ұрпақты батыр қыздың өмірі мен ерлігі үлгісінде отансүйгіштікке, патриоттық тәрбие беру, майдангерлерді мәңгі есте сақтап, құрметтеуге, өз елінің тарихын білуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Әлия - қаһармандық дастаны» атты салтанатты шара өткізілді.
Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі «Қазақстандықтар - Ұлы Жеңістің батырлары» атты кітабының таныстырылымы жөнінде МӘЛІМЕТ
24 мамырда 2016 жылы сағат 15.00 Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі және «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай шығарылған «Қазақстандықтар - Ұлы Жеңістің батырлары» кітабының таныстырылымы өтті. Шараға Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтары - Мақпал Жазықова, Сапар Молдағұлов, Әрия Хабиева, Раиса Хабиева қатысты.