«Әлия мәңгі жасайды!»

12 қаңтардаАқтөбе облыстық мемориалды музей Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және және қазақ халқының Батыр қызы Ә.Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына 74 жыл толуына орай«Әлия мәңгі жасайды!» атты  еске алу кеші өткізілді.

Әлия Молдагулова  (1925-1944) Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келді. 14 қаңтар 1944 жылы Псков облысының Казачиха  ауылын жаудан азат ету кезінде ерлікпен қаза тапты.

Шараның мақсаты: жас ұрпақты батыр қыздың өмірі мен ерлігі үлгісінде отансүйгіштікке, майдангерлерді мәңгі есте сақтап, құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу, өз елінің тарихын білуге  деген қызығушылығын арттыру.

Шараға Әлияның туыстары, қоғам қайраткерлері және оқу орындарының өкілдері қатысты. Қатысушылар «Мергендер», «Әлия» көркем, деректі фильмдерді және  «Майданнан хаттар» атты тақырыптық көрмені тамашалады.

Шара соңында Батыр қыздың  құрметіне мемориалды кешеніне гүл шоқтары қойылды.

Кто на сайте

Қазір 104 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр