«ҮЗДІК МЕРГЕН-2013»

27 қарашада сағ.10.00 № 11 орта мектебінде «ҮЗДІК МЕРГЕН-2013» колледж студенттердің арасында көздеп атудан әскери-патриоттық сайысы өткізіледі. Жарыстың мақсаты: Әскери-спорттық, патриоттық тәрбие беруді, саяси мәдениетті насихаттау; дене тәрбиесі мен әскери спорт түрлерін насихаттау; Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың ерлігі мен есіміне тағзым ету; Жастарды жүйелі түрде атып үйрену үйірмелеріне тарту;

Көздеп атудан сайыс алғаш рет Ә.Молдағұлова мемориалды музей басшылығының ұйымдастыруымен батыр қыздың ерлікпен қаза тапқанына 60 жыл толуы қарсаңында 2003 жылы 9-11 оқушы қыздар арасында өткізілді. Биыл сайысқа қала және облыс көлемінен 18 колледж командалары қатысуға шақырылды. Олар І және ІІ курс студенттері болуы керек (16-17 ж.ж.). Әр командадан 2 оқушы қыз бен 3 ұл бала сайысқа қатысады. Жарыс «Қазақстан Республикасы ату сайысының Ережесіне» сәйкес өткізіліп, қатысушылардан талаптарды мұқият орындау сұралады. Ату №8 нысана бойынша 8-10 метрлік қашықтықтан түрегеп тұрып, пневматикалық винтовкадан ашық көздеу арқылы өтеді. Әрбір мерген 8 рет атады, оның ішінде 3-сынақ, 5-есептік ату. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңіске жетеді. Мемориалды музейі дирекциясы атынан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, құрмет грамоталары, ынталандыру сыйлықтары, алғыс хаттар тапсырылады.

Кто на сайте

Қазір 52 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр