ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Жаңа дәуірдегі Астана» атты кеш

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Жаңа дәуірдегі Астана» атты кеш 28 қараша сағ.11.00-де өткізгелі отыр. Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың ел дамуындағы ұстанған бағытын, елордасы Астананың өркендеп өсуіндегі Елбасы еңбегінің маңызын жастарға түсіндіру.

Елбасының өмір тарихы үлгісінде жас ұрпақты патриоттыққа, табандылыққа, тәуекелшілдікке, жауапкершілікке және Қазақстанның әлемнің дамыған елдері қатарында алға қадам баса беруі үшін адал қызмет ететін азаматтарын тәрбиелеу. Кеш барысында Елордасы Астана қаласының тарихында ҚР Президентінің еңбегінің маңызы, Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесінің болу заңдылығы,15 жыл уақыт ішінде Елорданың жаңа дәуірдің Астанасы ретінде әлем астаналары ішінде өз орнын алғандығы баяндалды. 1991 жылы 1желтоқсанда Қазақстан мемлекетінің Тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.Осыдан тоғыз күн өткен соң ел атауы Қазақстан Республикасы болып өзгерді.16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.1992 жылы мемлекеттік рәміздер – Қазақстан Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.1994 жылы Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы қабылданды. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы күллі Қазақстанның елордасы болып, ресми түрде жарияланды.1998 жылы 6 мамырда Ақмола Астана болып аталды.Егемен Қазақстанның негізін қалап, оны бекітудегі тарихи миссия Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың еншісінде екенін негізге алған Қазақстан Парламенті 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – мемлекеттік мереке деп бекітті.Еліміз егемендік алғаннан бері аз ғана уақыт ішінде Елбасының басшылығымен ғасырлар бойы арман болған жетістіктерге қол жеткізгенін, ұлттық мүдделерді және әлемдік даму үрдістерін ескеретін саяси құрылыстың өзіндік үлгісін жасағанын ескерсек, Тұңғыш Президенттің тарихи ролін белгілейтін мемлекеттік мерекенің болуы заңдылық. Кеш қонақтары Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы қоғамдық саяси кеңестің үйлестірушісі Е.Ж.Құрманбеков қатысып, Қазақстанның рухани, мәдени, саяси және экономикалық дамуы жөнінде сөз сөлейді. Кеш соңында облыстық филармония әртістері өз өнерлерін көрсетіп, № 24 мектеп оқушылары Астана тақырыбына өлеңдер оқиды.

Кто на сайте

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр