«Әлиядай қызы бар ұлы қазақ!»

      Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде 2019 жылдың 14 қаңтары  күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына  және Ленинград қаласының жаудан азат етілгеніне 75 жыл толуына орай  «Әлиядай қызы бар ұлы қазақ!» атты еске алу кеші өткізілді.

      Әлия Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда  Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келіп, 1944 жылы Ресей жерінде Псков облысы Казачиха деревнясын жаудан азат ету кезінде ерлікпен қаза тапты. 

Шараның мақсаты – жас ұрпаққа батыр қыздың өмірі мен ерлігі үлгісінде патриоттық тәрбие беру, жастардың өз елінің тарихын терең білуге деген қызығушылығын арттыру.

Шара Ә.Молдағұлованы еске алып, бір минут үнсіздік жариялаудан басталды. Шараға батырлар ұрпақтары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, қала тұрғындары  шақырылды.

Тыңдаушылар ретінде Кеңес Одағының Батыры М.Бөкенбаев атындағы заң институтының курсанттары, политехникалық колледждің студенттеріқатысты.

    Кеш барысында Ә.Молдағұлова өмірінен және Ленинград шайқасы тарихынан деректі фильм көрсетіліп, батыр қыздың хаттары оқылып, кеш қонақтары - ҚР Мәдениет қайраткері, облыс мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан, мәдениет саласының ардагері Құрманбек Еркін Жолмырзаұлына, Ә.Молдағұлованың туыстары  Әрия Бисенбайқызы Хабиеваға, Тәжен Жаңабергеноваға берілді.Мемориалды музейде дәстүрлі түрде өтетін «Естелік» акциясы аясында қала тұрғыны Бектемірова Рая Шәукілқызы музей қорына Ұлы Отан соғысына қатысушы әкесі Шәукіл Қалжановтың құжаттары мен суреттерін тапсырды.

   Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған кітап көрмесі жасақталды.

Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы мәлімет берілді.Батыр қызға арналған өлеңдер оқылды.

     Шара Ә.Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

Кто на сайте

Қазір 40 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр