«Бейбітшілік - біздің қолымызда!»

4 наурыз күні  Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейінде музейінде   8 наурыз Халықаралық  әйелдер меркесіне  орай   әртүрлі  кәсіптегі қыз-келіншектермен  дәстүрге айналған  салтанатты мерекелік  кездесу шарасы  ұйымдастырылды.

 

Мақсаты: жастарға әскри –патриоттық тәрбие беру, қыздар арасында әскери мамандықтар дәрежесін көтеру, Отаны мен халқына қызмет көрсететін нәзік жанды әскери мамандық иелерімен  таныс болу.

Шара қонақтары:

- Утеулина Айша Алишевна –Мәдениет саласының ардагері, Ішкі істер департаментіндегі  «Даңқ » музейінің  меңгерушісі,

-  Белгілі жазушы, Қазақстан  бойынша  авторлық  үздік  5-тік тобына кірген,  отбасы, ана, келін,  қыз бала тәрбиесі тақырыбындағы  шығармалардың авторы, Гүльбахрам  Кургулина,

- Жұматаева Гүльмира Магауяқызы- полиция подполковнигі, Ақтөбе қаласы , әкімішілік практикалық басқармасының  бөлім  бастығы

Шараға  отбасының  берекесі,  ұйтқысы болып отырған, қоғамда, еңбекте  өз орнын таба білген, бейбітшілікті  сақтауға өз үлестерін қосып жүрген, әйел-аналар қатысты.

Кез келген адамның басты міндеті  қандай жағдай болса да жақсылық жасап,  жақсы сөздерін аямай,  бар күш жігерін  игі істерге жұмсауға  ат салысу қажет.

Мереке аясында  қонақтар өздерінің  өмірлік, қызметтік  тәжірбиелерімен ой бөлісті:

Полиция подполковнигі, Ақтөбе қаласы, әкімішілік практикалық басқармасының  бөлім  бастығы Жұматаева Гүльмира Магауяқызы қиын да қызықты кәсібін  жақсы көретінін, әр адам өз мамандығын дұрыс таңдай білу керектігін және жұмысын сүйе білген адам барлық  асуларды бағындыра біледі деп жастарға кеңес айтты.

Белгілі жазушы, Қазақстан  бойынша  авторлық  үздік  5-тік тобына кірген,  отбасы, ана, келін,  қыз бала тәрбиесі тақырыбындағы  шығармалардың авторы, Гүльбахрам  Кургулина-өзінің жазған туындыларындағы  кейіпкерлері осы  өмірден  алынғанын, қазір қоғамда тастанды балалардың көбеюі, ата-анасын қарттар уйіне өткізуі тағы басқа актуалды проблемаларды қамтыған шығармалары  оқырманға ой түйетіндігін айта отырып, шараға қатысушыларға кітаптарын сыйлады.

Мәдениет саласының ардагері, Ішкі істер департаментіндегі  «Даңқ» әскери музейінің  меңгерушісі Утеулина Айша Алишевна студенттерді әскери музейін  тамашалауға шақыра отырып, музейдің рөлі  жас ұрпаққа  отанын сүюге, еліне қызмет етуге, патриоттық  сана сезімін  қалыптасыруға  ықпалы зор деп сөзін аяқтады.

Мерекелік кеште облыстық халық шығармашылық орталығының  әншісі Қуанышгүл Серікбаева- ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сенің көзің»,  «Арулар-асыл жандар» әнін  қонақтарға  тарту етті.

Музей залында  «Әлемді өрнектеген - Әйел» атты әйел–аналардың  қолынан тігілген  ұлттық нақыштағы декоративтік  қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

Шара соңында музей директоры Е.Қалтаева музей атынан  қонақтарға мерекелік сыйлықтарды  тарту етті.

Кто на сайте

Қазір 45 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр