«Ұлы даланың қол өнері!»

2019 жылдың 15 наурызы күні Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Ұлы даланың қол өнері!»  атты  ақтөбелік қолөнер шебері, тігінші Гүлзада Имангазиеваның жеке шығармашылық  көрмесінің  ашылуы  өтті.

 Мақсаты: өскелен ұрпаққа қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, жастарды шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, сонымен қатар шығармашылыққа, ұлттық қолөнерге баулу.

Шараның алғашқы  сөзі  өлкетанушы  Бекарыстан Мырзабайға беріліп,  наурыздың шығу тарихы, оны тойлаудың ерекшеліктері мен жетістіктері, жыл басы мерекесінің ұғымдары, астрономиялық  ғылымға сүйене отырып   күн   мен  түннің  теңелуі туралы  қызықты  мәліметтермен бөлісті.

Облыстық жұқпалы ауруханасында 40 жылдан астам уақыт фельдшер-мейірбике болып қызмет жасаған қолөнер шебері, тігінші Гулзада Иманғазиева  кезекті зейнет демалысына  шыққан  кейін  бала кездегі арманы  қолөнер  ісіне  бет  бұрады,соның ішінде құрақ көрпелер, көрпешелер, орындық төсеніштер  тігумен және  декоративті тоқыма бұйымдары,  ет табақ астына қойылатын төсеніштер, шұлықтар  тоқумен айналыса бастаған.   Шебердің  жұмыстары   әртүрлі  қанық бояулы маталар мен жіптерді, ұлттық ою- өрнектерді   дұрыс   қолдана білуімен ерекшеленеді.

Қолөнер шебері  Г.Иманғизиева  алғашқы рет ашылып отырған жеке көрмесі  алдағы уақытта да  шығармашылық жұмыстарын дамыта отырып, жалғасын табатынындығын айтты.

Шара барысында  қолөнер шебері  қолынан шыққан бұйымдардың тігу техникасы,  әдіс – тәсілдерімен  бөлісіп, қазіргі кезде  жасаған  жұмыстары тұрмыста сұранысқа ие екендігін айтып өтті.

Көпсалалы «Тарлан» колледжінің  «Актерлік шеберлік» мамандығының студенттері наурызға қатысты дәстүрлерді, кейбір ғұрыптар - «ұйқы ашар», «селт еткізер»,  «ақсерек-көксерек» ойындарын  театрландырылған қойылым арқылы көрсетіп, ән салып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Шара соңында  музей директоры Е.Қалтаева қонақтарға алғыс білдіріп , наурыз мейрамымен құттықтады.

           Аталған шараға  студент- жастар құрамы  Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенттері, Көпсалалы  «Тарлан» колледжі мен  Сервиз колледжінің студенттері қатысты.

Кто на сайте

Қазір 35 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр