«Ақтөбе жері – батырлар елі»

 

3 мамыр күні мемориалды музейінде   7 мамыр Отан қорғаушылар күніне  және Ақтөбе қаласының  150 жыл мерейтойына арналған«Ақтөбе жері – батырлар елі» атты салтанатты  мерекелік шара  ұйымдастырылып  өтті. Шара қатысушылары – Т.Бигельдинов атындағы Әуе Қорғаныс  Күштерінің Жоғары институтының оқытушылары, командирлері мен курсанттары.

 Шараның мақсаты: Жас ұрпақтың өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің, жауынгер - интернационалистердің  Отан қорғаудағы  қаһарман ерліктерін ұмытпау, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскерімізді  үлгі  ету. Жастарды  отан алдындағы әскери   борышын  атқаруға   шақыру.

Шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күні мерекесі туралы мәлімет беріліп, «Ақтөбе – миллиондар қаласы» атты слайд арқылы біздің қаламыздың тарихынан көрініс көрсетілді. Шара соңында курсанттарға зал бойынша экскурсия жүргізіліп, олар ой-пікірлері мен бөлісті.

Кто на сайте

Қазір 39 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр