«Ізет, құрмет батырларға арналды»

Кешке ақтөбелік батырлар ұрпақтары, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесі,облыстық, қалалық  Қорғаныс істері жөніндегі департамент,  мәдениет, архивтер  және құжаттама басқармасы, ҚР Ішкі Істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы  Ақтөбе заң институты Ардагерлер кеңесі, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе филиалы, ауған соғысына қатысушы жауынгер-интернационалистер қоғамдық бірлестігі өкілдері шақырылды.

     Шара барысында Ұлы Отан соғысы тарихы туралы айтылып, ел қорғаған батырларды еске алып бір минут үнсіздік жарияланды.Шақырылған қонақтар - «ҚР Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе филиалының төрағасы Сатенов Қажымұқан Асауұлына,  ҚР Ішкі Істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ардагерлері кеңесінің мүшесі Рзабеков Санабай Рзабекұлына,облыстық Қорғаныс Істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Құлтаев Әділбек Сәрсенұлына,ауған соғысына қатысушы жауынгер-интернационалистер қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Балқасыновқа сөз берілді.

     Мерейтойлары аталып отырған ақтөбелік батырлардың ерлік жолдары туралы әңгімеленді.

    Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықовтың ұрпағы Жазықова Мақпал сөз алып, шараға қатысушыларға батырдың өмірі баяндалған кітапты тарту етті.Кеңес Одағының Батыры Малкеждар Бөкенбаевтың немересі Бөкенбаева Динаға, «Даңқ» орденінің үш дәрежесінің иегері Сәрсенғали Ешбаевтың жары Шынкүміс апайға сөз берілді.

     Кеш облыстық филармония әншілерінің орындауындағы әндермен, №24 мектеп оқушыларының Жеңіс күніне орай «Катюша»   композициясымен, өлеңдермен әрленіп отырды.

    Ақтөбелік батырлар ұрпақтарымен кездесу соңында ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды. 

Кто на сайте

Қазір 13 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр