«Музейдегі түн-2019»

2019 жылдың 18 мамыр күні Ә.Молдағұлова облыстық мемориалды музейінде«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халықаралық музейлер күніне орай және Ақтөбе қаласының 150 жыл мерейтойына арналғанмемориалды музейнде«Музей түні – 2019» атты мәдени-ағарту акция өткізілді.

             Шара қазіргі заманғы музейлер мүмкіндігін ашу, жастарды  музейге, тарих, мәдениет және өнерге тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Музей мерекесі  келушілерге өткенге  оралуға мүмкіндік береді. Халықаралық музейлер күні 1978 жылдан ресми мереке болып саналады. Көптеген елдер өкілдері Халықаралық музейлер Кеңесінде (ИКОМ - International Council of Museums) Ресей ұйымына жауап ретінде халықаралық күнтізбеде жаңа мерекелеу күнін бекітуге шешім қабылдады.

       Мемориалды музей инсталляция көмегімен Ұлы Отан соғысы тақырыбында экспозиция ұйымдастырды. Қойылған экспонатқа мән беріліп, мағынасын күшейтуге көңіл бөлініп, тірі, өзі сөйлеп тұрғандай, алдыңғы қатарға шығарылды.

            Шара барысында «Майдан даласындағы өшпес іздер» - «Боевое братство» қоғамдық қоры  іздестіру топтары экспедиция  барысында қазба жұмыстарын жүргізу  сәттерінен, сонымен қатар, «Біздің  бақытты  балалық шақ»  Кеңес Одағы  жылдарындағы экспонаттардан көрме және балалар  қиялымен қағазды  бүктеу әдісімен бұйымдар жасау (оригами)-мастер-класстар өткізілді.

            «Соғыс жаңғырығы»көрмесінде музей қорынан алынған соғыс жылдары реликвиялары – қарулар, снарядтар, соғыс киімдері, тұрмыстық заттар қойылды.

 «Экипаж машины боевой»атты  әскери  үлгідегі танкілер  көрмесі Екінші дүниежүзілік соғыс техникасымен танысуға мүмкіндік берді.

«Соғыс статистикасы»  инсталляциясы соғыстың қайғылы келбетін көрсететін белгілі күнтізбе күндерінің тарихи беттерінен сыр шертті.

            «Майданнан хаттар» - соғыс кезіндегі жауынгерлердің туғандарына майданнан жазған хаттарының мазмұнымен танысуға мүмкіндік берді.

            «Жауынгер ас-мәзірі» - жауынгерлердің соғыс кезіндегі күнделікті өмірлерінен хабар берді.

            «Ұлы Жеңіс әндері», «Ретро», «Песни нашего детства»,«Город на белом холме»   - соғыс және соғыстан кейінгі әндерді караокемен орындау - сол кездегі адамдардың патриоттық сезімдерінің тереңдігін аша түсті.

«Майдан альбомы»фотогалереясыарқылы мемориалды музей келушілері Қызыл Әскер жауынгерлерінің портреттерін және майдандағы күнделікті сәттерін көріп, тамашалады.

            «Жеңістің естелігі» - орден-медаль көрмесіҰлы Отан соғысындағы солдаттар мен  офицерлердің марапаттарымен танысуға мүмкіндік берді.

Шараны  500-ден  астам келушілер тамашалады. Оның ішінде қала тұрғындары мен қонақтары, шет елден келген қонақтар, БАҚ өкілдері және тағы басқалар болды.

Кто на сайте

Қазір 95 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр