«Батырлықтың қасиетті тұмары»

14 маусым күні сағат 11.00де Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Ә.Молдағұлованың туған күніне арналған «Батырлықтың қасиетті тұмары» атты салтанатты шара өткізілді.

Мақсаты: жас ұрпақты батыр қыздың өмірі мен ерлігі үлгісінде отансүйгіштікке, майдангерлерді мәңгі есте сақтап, құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу, өз елінің тарихын білуге деген қызығушылығын арттыру.

 Іс-шараға Ә.Молдағұлованың туыстары Сапар Молдағұлов, Раиса және Әрия Хабиевалар, «Боевое братство» қоғамдық қорының төрағасы Гумер Галеев, 6655 әскери бөлім командирлері мен сарбаздары, арнаулы мектеп-интернат-колледж оқытушысы А.Мусеева, Ақтөбе сервис колледжінің студенттері мен оқытушылары, №11 орта мектеп оқушылары шақырылды.

Шара барысында биыл Ұлы Жеңістің қарсаңында Санкт-Петербург қаласында салтанатты түрде ашылған Ә.Молдағұлованың ескерткіші және Қазақстан мен Ресейде батыр қыздың есімі берілген оқу орындары туралы мәлімет берілді. Ресей Федерациясының солтүстік астанасының Красногвардейск ауданында 6 мамыр күні ескерткіштің ашылуы жөнінде репортаж көрсетілді.

Қатысушылар салтанатты шараны «Әлия» әнімен әрленген №10 орта мектебінің 2019 жылдың түлегі Серғали Аяжанның өнерін тамашалады.

Ә.Молдағұлованың мемориалды кешеніне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

Кто на сайте

Қазір 55 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр