«Отбасы – тәрбие негізі»

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың  облыстық мемориалды музейі  ҚР Отбасы күніне орай  «Анаға тағзым» Рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы ғимаратында  «Отбасы – тәрбие негізі» атты кездесуұйымдастырып өткізді.

Шараға №64 орта мектебінің және «Сымбат» жеке мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

Мақсаты: ұлттық мәдени құндылықтарды, салт-дәстүрімізді  сақтай отырып, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру, Отанға, отбасына  деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, отбасы, аналар, әкелер, балалар институтын қорғау.

 Кездесуге  «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығының,  Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, медиатор-психолог қатысты. 

       Шараның барысында – мамандармен кездесу, әңгіме–сұхбат, пікір алысу, «Анаға тағзым» музейі залы бойынша  экскурсия, орталығының үйірме жұмыспен танысу.         

Кто на сайте

Қазір 55 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр