«Ұлы Дала Ұстазы»

25 қарашада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсаринмемориалды музейі қорынан «Ұлы Дала Ұстазы» атты тақырыптық жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.

            Басты мақсат өзара қарым-қатынасты нығайтып, мәдени-рухани байланысты орнату, іс-тәжірибе алмасу, ұлылар ұлағатын ұлықтау және қоғам қайраткері, ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмір жолын насихаттау.

 Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде аталған оқу орнының  оқытушы, профессор-ғалымдар, студенттердің  қатысуымен Ыбырайтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқының Ассамблеясы мүшесі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік университетінің профессоры  Жақып  Қалқаман Хасенұлымен және  Қостанай  облыстық  Ыбырай   Алтынсарин мемориалдық  музейінің директоры М.Б.Оспановпен танымдық  кездесу ұйымдастырылды.

            Көрмеде Ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің отбасымен қолданған төсекқабы мен араб ғарпінде шыққан «Шариғатул-Ислам» сирек кітабының түпнұсқасы, шығармалары, этнографиялық очерктері, Ыбырайдың аталас туысқаны, Қазақстанның  халық жазушысы, көрнекті ақын Мәриям Хакімжанованың латын  графикасы негізінде шыққан «Жеңешем» атты алғашқы өлеңдер жинағы,  Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы кітаптар. Ыбырай ашқан Қарабұтақ болыстық мектебінің кірпіші,  ХІХ ғасырдың үлгісімен жасалған күрсі,  ағартушының нағашы атасы Шеген бидің шапаны және тағы басқа жәдігерлер жұрт назарына ұсынылып, бейне фильм көрсетілді.

    Тарихи-танымдық көрме «Музейлер шеруі» Республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Музейдегі түн-2019» атты мәдени-ағарту акциясымен  жалғасылды. Акция барысында: «Әлия – қаһармандық дастаны», «Атақты жерлестер» атты фотокөрме,

«Сұрапыл соғыс қаһармандары» - фотоплакаттар көрмесі, «Соғыс жылдарының әндері», «Ретро» атты патриоттық әндерді караокемен орындауы, втоматты шашып жинау мастер-класы, Ұлы Отан соғысы және Ә.Молдағұлова туралы фильмдерінің ретроспективасы өтті.

Кто на сайте

Қазір 55 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр