«Тыңдаңдар, тірі адамдар!»

11 желтоқсан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе  жоғары медициналық колледжінде Қазақстанның  халық жазушысы,  Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті  ақын  Фариза  Оңғарсынованың  80 жылдық  мерейтойына  арналған  «Тыңдаңдар, тірі  адамдар!»  атты әдеби-сазды  шығармашылық  еске алу кеші өткізілді.

 

Мақсаты: Қазақстанның  Халық жазушысы  Ф. Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстыру. Поэзияға , Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Шараға : Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалды музейінің  ғылыми қызметкері,«Қос шынар» қоғамдық қорының  төрағасы   Ғалымжан  Бәйдербес,

 Актөбе облыстық тарихи   өлкетану музейінде ғылыми істер жөніндегі  директордың орынбасары қызметін  атқарған, қазіргі  таңда музей ардагері - Өтепова Орал Сейтекенқызы.

 Ақын,С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының  директоры  Қалдина  Гүлжайнар Нәренқызы қатысты.

Ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесін , Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұсынды.

С.Бәішев атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің студенттері , ақынның өлендерін жатқа айтып  және ән орындады.

Кто на сайте

Қазір 47 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр