«Туған жер киесі - дархан дарын иесі»

Мақсаты: Ә.Кекілбаевтың өмір жолын жас ұрпаққа өнеге ету, ақын-жазушының шығармашылығына терең үңіліп оқып-үйрену, шығармаларына деген қызығушылығын арттыру, жастарды заңғар тұлғаның биік адамгершілік парасаты үлгісінде тәрбиелеу.   

     Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Туған жер киесі - дархан дарын иесі»  атты Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы, Парламент Сенатының депутаты  болған, ақын-жазушы  Ә.Кекілбаевты еске алуға арналған тарихи-танымдық шара өткізілді.

         Шара «Әбіш аға, абыз аға» атты деректі фильмнің көрсетілуімен басталады.Жүргізуші  қатысушыларды жазушының өмір деректерінен   хабардар етеді.С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана қызметкері Гүлнәзия Омарханова кітап көрмесіне қойылған Ә.Кекілбаевтың кітаптарына шолу жасады, шығармаларының мазмұнымен қысқаша таныстырып өтті.Оқушылар дайындаған жазушыға арнаған өлеңдері, шығармаларынан үзінділер  оқылды.

      Республикаға, облысқа белгілі өлкетанушы,   «Үздік өлкетанушы» медалінің иегері, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері  Бекарыстан Мырзабай  Ә.Кекілбайұлының  Ақтөбеге сапары жөнінде әңгімеледі.

     Сонымен қатар, қалалық қазақ тілі қоғамының төрағасы Роман Рахиев Ә.Кекілбаев туралы естеліктерімен бөлісті.

      Шара ақын-жазушының нақыл сөздерімен, Елбасының Ә.Кекілбайұлы туралы пікірімен аяқталды.

      Шараға облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектебі оқушылары мен оқытушылары қатысты.

Кто на сайте

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр