«Нұрлы Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан!»

 

  12 желтоқсан күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Нұрлы Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан!»  атты облыстық мамандандырылған дарынды балалар  мектебі оқушыларының қолынан шыққан қолөнер бұйымдары көрмесі ашылды.

    Мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке, шығармашылық еңбекке тәрбиелеу.Бос уақытты тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыру.

      Шара барысында Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету  жолындағы тарихынан мәлімет берілді.Көрмеге қойылған қолөнер бұйымдарын дайындаған оқушылармен таныстырылып, олар өздері жасаған бұйымдары туралы баяндады. Қазақстан тәуелсіздігі тақырыбында оқушылар өлең оқып, күй тартып, өз өнерлерін ортаға салды.

    Музейге келушілер мен шараға қатысушыларға  көрмені тамашалауға мүмкіндік берілді.Музей залы бойынша экскурсия өткізілді.Тәуелсіздік тақырыбында өлеңдер оқылды.

Кто на сайте

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр