«Ұрпақтар аңсаған жерұйық мекен» кездесуі жөнінде МӘЛІМЕТ

Ағымдағы жылдың 28 қазан күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде тарихи отанына оралған қандастарымыз, оралмандар жөнінде жастарға, тарих мамандығының студенттеріне ақпарат беру мақсатында «Ұрпақтар аңсаған жерұйық мекен» атты кездесу ұйымдастырылды.

 Шара тақырыпқа сай бейнефильмді тамашалаумен басталды. Кездесу барысында шара қонақтары, Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы саяси партиялармен үкіметтік емес және діни ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы А.М.Купенов,  «Қазақ и Я» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Н.Иманов студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, қатысушылар оралмандар туралы жан-жақты мәлімет алды.

Кто на сайте

Қазір 47 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр