Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық музейінде өткізілетін «Апаттан құтқару - азаматтық парыз» атты бейбіт заманның батырларымен кездесу кеші туралы мәлімет

 2016 жылдың 23 қараша күні Әлия музейінде «Апаттан құтқару  - азаматтық парыз» атты бейбіт заман батырларымен кездесу өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, шынайы патриоттың және қорғаушының бейнесін қалыптастыру, жастардың эмоциялық әлемін, адамгершілік әсерлермен байыту және моральдық дамуына, шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету. Ел тарихы-жер тарихы екенін ұғындыру, қазіргі заманның батырлары деп айтуға тұратын кейіпкерлердің ерлік әрекетін жан-жақты баяндау.

 

Шара шақырылған қонақтарды  таныстырумен басталды:

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз хатшысы Мектепбаев Амангелді Мектепбайұлы, облыстық ішкі саясат департаменті өкілі,медициналық жедел жәрдем ауруханасының  бас дәрігері Арыстан Рахымжан Келісұлы, дәрігер- травматолог-ортопед   Зоргулов Ғалым Серікұлы, дәрігер-хирург Өтеулин Нұрболат Есенғалиұлы.

Ақтөбе облысы бойынша ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі ММ-нің азаматтық қорғау қызметкерлері-

ҚР Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Ақтөбе қаласы) ММ бөлімше жетекшісі Күзембаев Айтжан Жауынбайұлы,  «Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші ауысымы бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау прапорщигі Сапаров Дәукен Бақтығалиұлы. 

      Бейбіт күннің батырларына лайық азаматтар террористік акт кезіндегі іс-әрекеттері туралы, ТЖ департаменті қызметкерлері өз жұмыстарының қала халқы үшін маңыздылығы туралы әңгімеледі.Студенттер сұрақтарына жауап берді. «Нұр Отан» партиясы, облыстық ішкі саясат департаменті өкілдеріне сөз берілді.Шара облыстық филармония артистерінің өнер көрсетуімен аяқталды.